Бюджетке артық төленген салықтар мен төлемдерді есепке жазу және қайтару тәртібі
19.09.2026 06:19:43 234
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бюджетке артық (қате) төленген салықтар, төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есепке жазу және қайтаруды жүргізу тәртібін еске салады.
Қайтару немесе есепкеจัด салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде мемлекеттік кірістер органымен өтініште көрсетілген банктік шотқа ақшаны аудару арқылы жүзеге асырылады. Жеке шоттары жүргізілетін салықтар мен төлемдер бойынша қайтаруды жеке шот жүргізілетін жердегі МКӨ жүзеге асырады. Жеке шоттары жүргізілмейтін төлемдер бойынша (мемлекеттік бож, тіркеу алымдары) қайтару олар төленген жердегі МКӨ арқылы жүргізіледі. Салықтық өтініштің нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығымен бекітілген.
Белгіленген нысандағы салықтық өтінішті келесі тәсілдермен беруге болады:
- электрондық түрде: eGov.kz веб-порталы немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы;
- қағаз жеткізгіште: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) бөлімшелері арқылы.
Назар аударыңыз: «Бюджетке төленетін салықтарды, төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепкеจัด және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметі «e-Otinish» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы көрсетілмейді.
Каражатты қайтару және есепкеจัด үшін жүгінген кезде осы тәртіпті ескерулеріңізді сұраймыз.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1294612?lang=ru