Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері World Cleanup Day акциясына қатысты

Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері World Cleanup Day акциясына қатысты

19.09.2026 13:17:00 207

19 қыркүйек күні Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері бүкіл ел бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында өткен Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day акциясына қатысты.

Министрліктің 250-ден астам қызметкері Астанадағы Орынбор көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аумағын тазалауға шықты. Бірлесе атқарылған жұмыс нәтижесінде қоғамдық аумақ абаттандырылып, елорданың тазалығына үлес қосылды.

World Cleanup Day акциясына еліміздің түкпір-түкпірінен мемлекеттік органдардың қызметкерлері, волонтерлер, бизнес өкілдері, жастар мен тұрғындар қатысты.

Осындай ортақ бастамалар қаланы таза ұстауға ғана емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1294828?lang=ru