Қарулы күштердің әскери қызметшілері жалпықалалық сенбілікке қатысты
19.09.2026 15:48:40 232
Дүниежүзілік тазалық күні аясында әскери қызметшілер мен азаматтық персонал өкілдері жалпықалалық экологиялық акцияға қосылып, “Таза Қазақстан” бастамасын қолдады.
Еліміздің барлық өңірлеріндегі гарнизондар аумақтарды абаттандыруға өз үлестерін қосып, көшелерді, аулалар мен саябақтарды тазалауға атсалысты.
Астанадағы сенбілікке Қорғаныс министрлігінің, Бас штабың, Құрлық әскерлерінің құрылымдық бөлімшелері мен әскери оқу орындарының қолбасшылығы және жеке құрамы қатысты.
Қорғаныс ведомствосының басқармалары мен департаменттеріне бекітілген аумақта Ақмешіт көшесінің Сығанақ, Жәнібек хандар және Керей хандар көшелері аралығы абаттандырылды. Ал Қарулы күштер Бас штабының құрылымдық бөлімшелері Қорғаныс министрлігінің әкімшілік ғимараты айналасындағы аумақты ретке келтірді. Сонымен қатар ведомствоның жеке құрамы әскери қызметшілер тығыз орналасқан елді мекендердегі аумақтарды да тазалады.
Ортақ жұмыс әртүрлі құрылымдардағы әскери қызметшілерді біріктіріп, елорда аумағын абаттандыруға үлес қосуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге сенбілік әскери ұжымдардың ұйымшылдығы мен бірлігін, командалық рухын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1294875?lang=ru