«Таза Қазақстан»: «ЭНКО» өндірістік кешенінің аумағында көшеттер отырғызылды

«Таза Қазақстан»: «ЭНКО» өндірістік кешенінің аумағында көшеттер отырғызылды

20.09.2026 09:16:35 192

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «ЭНКО» өндірістік кешенінің қызметкерлері сенбілік өткізіп, нысанға іргелес аумақты абаттандырды.

Іс-шара барысында олар 10-ға жуық көшет отырғызып, елорданы көгалдандыруға және жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Қатысушылардың пікірінше, мұндай экологиялық іс-шаралар ұжымды ортақ мақсатқа жұмылдырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» аясындағы сенбіліктер мен өзге де бастамалар аумақтардың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп қана қоймай, елорданы абаттандыру мен көгалдандыруға үлес қосуға мүмкіндік береді.

«ЭНКО» өндірістік кешені Астанадағы өндірістік базасын дамытып, жылу және сумен жабдықтау жүйелеріне арналған жабдықтарды өндіруге маманданған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1294899?lang=ru