ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

21.09.2026 09:31:07 240

📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды қолдау, олардың әлеуетін арттыру және қоғамдағы белсенділігін күшейту бағытындағы саясаты өңірде жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

💫 Осындай нақты қолдау шараларының бірі – Ақтөбе облысы әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты.

📑 Бүгін аталған грант бойынша комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Комиссия жұмысына Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев қатысып, жобаларды бағалау үдерісіне қатысты бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.

Басқарма басшысы комиссия жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, әрбір ұсынылған жобаның әлеуметтік маңыздылығына, оны іске асыру мүмкіндігіне және жастарға беретін нақты нәтижесіне баса мән беру қажеттігін атап өтті.

🎯 Облыс әкімі Асхат Шахаровтың қолдауымен жүзеге асырылып отырған бұл бастама өңір жастарының өз идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін маңызды қолдау тетіктерінің бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1295006?lang=ru