19 қыркүйек күні Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жастар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде шағын футболдан турнир өтті.

21.09.2026 10:01:11 304

Турнирге 1 жоғары оқу орны мен 13 колледжден барлығы 15 команда қатысып, жастар командалық біріншілікте өзара бақ сынады.

🏆 Жарыс барысында командалар алаңда шеберлік пен ұйымшылдық танытып, жүлделі орындар үшін бәсекеге түсті. Турнир жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.

⚽ Жарыс қорытындысы төмендегідей:
Мини футбол
1 орын - Ақтөбе индустриалды - кәсіптік колледжі
2 орын - Ақтөбе құрылыс - монтаж колледжі
3 орын - Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі
Үздік қорғаушы - Қанатбай Дініслам
Үздік шабуылшы - Чингиз Жанарыс

Үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1295031?lang=ru