19 қыркүйек күні Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жастар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде волейболдан турнир өтті.

21.09.2026 10:32:29 449

Турнирге 1 жоғары оқу орны мен 9 колледжден барлығы 10 команда қатысып, өзара бақ сынады.

🏆 Жарыс барысында командалар алаңда шеберлік пен ұйымшылдық танытып, жүлделі орындар үшін бәсекеге түсті. Турнир жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.

🏐 Жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Нәтиже төмендегідей:
1 орын - Ақтөбе индустриалды - кәсіптік колледжі
2 орын - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
3 орын - Ақтөбе автожол колледжі
Үздік байланыстырушы - Иванов Эльдар

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1295046?lang=ru