«МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПИЯ» АКУСТИКАЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ!
21.09.2026 12:46:55 201
Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің қолдауымен және Ақтөбе студенттерінің Альянсы жастарымен бірлесе отырып, «Музыкалық терапия» атты акустикалық кеш өтті.
Кеш барысында қатысушылар жанды музыка тыңдап, әсем әуеннің құшағында ерекше әсерге бөленді. Жастар көтеріңкі көңіл күй мен рухани демалыс сыйлаған әсерлі кештің куәсі болды.
Музыкаға толы бұл кеш жастардың басын қосып, олардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1295129?lang=ru