ШҚО Kazakhstan Travel Forum «САЯХАТ 2026» форумына қатысуда
21.09.2026 19:33:12 189
Шығыс Қазақстан облысының Туризм және инвестициялар басқармасы, туристік ақпараттық орталық және туристік бизнес өкілдері 17–19 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтіп жатқан Kazakhstan Travel Forum «САЯХАТ 2026» халықаралық туристік форумына қатысуда.
Биылғы форумның тақырыбы — «Тәуекелсіз туризм». Іс-шараға мемлекеттік органдардың, туристік және қонақүй бизнесінің, әуе компанияларының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Форум аясында сараптамалық сессиялар, панельдік пікірталастар, B2B кездесулер және туристік өнімдердің таныстырылымдары өткізілуде.
Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Туризм кеңесінің төрағасы Сымбат Рамазанов «Әсерлер экономикасы: сервис, құзыреттер және жаңа стандарттар» тақырыбындағы панельдік сессияда спикер ретінде сөз сөйледі.
Көрме алаңында жергілікті өндірушілердің табиғи өнімдері — Алтай балы және басқа да ара шаруашылығы өнімдері ұсынылды.
Шығыс Қазақстан облысы өкілдерінің форумға қатысуы тәжірибе алмасуға, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін ілгерілетуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1295360?lang=ru