21 қыркүйекте Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы «Шалыгин» және «Черных» жеке кәсіпорындарына Еңбек күніне арналған көшпелі мерекелік концерттермен барды.

21 қыркүйекте Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы «Шалыгин» және «Черных» жеке кәсіпорындарына Еңбек күніне арналған көшпелі мерекелік концерттермен барды.

22.09.2026 01:31:39 189

Бұл күні өнерпаздар кәсіпорындардың жұмыс орындарына арнайы барып, еңбек ұжымдарын мерекемен құттықтап, күнделікті еңбектері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар сүйікті әндерін орындап, көтеріңкі көңіл-күй мен мерекелік әсер сыйлады.

Жылы атмосфера, әсем әуендер мен шынайы алғыс сөздері жұмыс қарбаласынан бір сәтке сергіп, жақсы көңіл-күй сыйлады.

«Шалыгин» және «Черных» жеке кәсіпорындарының басшыларына, сондай-ақ барша еңбек ұжымдарына қонақжайлықтарыңыз, еңбектеріңіз және өз ісіңізге деген адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1295571?lang=ru