Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Гвинея-Бисау Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды
22.09.2026 06:19:09 321
2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Гвинея-Бисау Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Браима Эмбалодан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
А.Исағалиев Гвинея-Бисау Елшісін тағайындалуымен құттықтай отырып, оның дипломатиялық миссиясы екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен өзара тиімді іс-қимылды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Елші Б.Эмбало жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Астана мен Бисау арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін күш-жігерін жұмсауға әзірлігін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1295745?lang=ru