Kazakhstan Travel Forum аясында Астананың туристік саласын дамыту мәселелері талқыланды
22.09.2026 09:16:25 230
Kazakhstan Travel Forum аясында Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжановтың төрағалығымен туризмді дамыту мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің отырысы өтті.
Отырысқа елорданың туристік сала өкілдері, сондай-ақ VIETJET QAZAQSTAN және SCAT әуе компанияларының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Астананың туристік саласын дамытудың 2026–2031 жылдарға арналған стратегиясын әзірлеу болды. Қатысушыларға атқарылған жұмыстың нәтижелері, елордадағы туризмді дамытудың негізгі бағыттары және стратегиялық құжатты дайындау барысында қалыптастырылған тәсілдер таныстырылды.
Сонымен қатар туристік қызмет көрсету сапасын арттыруға және туристік инфрақұрылым нысандарын ілгерілетуге бағытталған Visit Astana серіктестік бағдарламасы ұсынылды.
Отырыс барысында VIETJET QAZAQSTAN және SCAT әуе компанияларының өкілдері өз қызметі мен туристік саламен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы баяндады.
Сарапшылық кеңес отырысының қорытындысы бойынша авиация және туризм салаларының өкілдері арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Бұл келісімдер нарық қатысушыларының өзара іс-қимылын нығайтуға, бірлескен бастамаларды дамытуға, туристік өнімдерді ілгерілетуге және Астанаға туристер тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Отырыс нәтижесінде елорданың туристік саласын дамыту жөніндегі бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары айқындалып, сала өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1295852?lang=ru