Велосипед инфрақұрылымын дамыту жобасы ұсынылды
22.09.2026 10:48:05 183
Бүгін аппараттық кеңесте Қостанай қаласының велосипед инфрақұрылымын дамыту жобасы ұсынылды. Жоба сараптамадан өтіп, іске асыруға дайын.
Жоба аясында жалпы ұзындығы 38,2 шақырым болатын велосипед бағыты әзірленді. Ол қаланың әртүрлі аудандарын қамтып, тұрғын алаптарды негізгі саябақтармен, демалыс орындарымен және спорт нысандарымен байланыстырады.
Бағыт «Қонай» шағын ауданы, «Ұлы дала» және ҚРУ саябақтары, Триатлон-парк, қаланың орталық бөлігі, Жастар бульвары, Юбилейный және Аэропорт шағын аудандары, «Керуен» саябағы, Арыстанбеков көшесіндегі сквер және қаланың басқа да аумақтары арқылы өтеді.
Жобаның негізгі мақсаты – велосипедпен жүруге қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау. Сонымен қатар біртіндеп қаланың бірыңғай велосипед желісін қалыптастыру көзделген. Бұл велосипедті қала ішінде қатынайтын толыққанды көлік түрі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Қаржыландыру көзі анықталғаннан кейін жобаны іске асыруды келесі жылы бастау жоспарланып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1295907?lang=ru