«Дипломмен ауылға» жобасы.

«Дипломмен ауылға» жобасы.

22.09.2026 21:05:49 219

Мамандарды ауылда жұмыс істеуге және тұруға тарту мақсатында 2009 жылдан бастап өңірде «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда .

Бағдарламаға кез келген жастағы қазақстандықтар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, Мұрағат ісі, цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызмет мамандары Мамандарды ауылда жұмыс істеуге және тұруға тарту мақсатында 2009 жылдан бастап өңірде «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда қатыса алады.

Жоба шеңберінде 432,5 мың теңге (100 АЕК) көтерме жәрдемақы тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 15 жыл мерзімге жылдық 1% – пен бюджеттік кредит түрінде аудан орталықтары үшін 10,8 млн. теңге (2500 АЕК) және ауылдық елді мекендер үшін 8,7 млн. теңге (2000 АЕК) сомасында әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

Жоба аясында 2025 жылы 422 маманға 165,9 млн. теңге сомасында көтерме жәрдемақы, 153 маманға 1 309,6 млн. теңге сомасында бюджеттік кредит берілді.

2026 жылға 1 083,4 млн. теңге сомасына 110 маманға бюджеттік кредиттер, 188,1 млн. теңге сомасына 435 маманға көтерме жәрдемақылар беру жоспарланған.

Толығырақ ақпарат алу үшін аудандардың экономика бөлімдеріне жүгіну қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1296256?lang=ru