Қостанай World Cleanup Day акциясына қосылды
23.09.2026 03:17:03 203
Қостанай қаласы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өтіп жатқан дүниежүзілік World Cleanup Day экологиялық акциясына қосылды.
Қаланың барлық аудандарында сенбіліктер ұйымдастырылды. Аумақтарды тазалауға мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, еріктілер және қала тұрғындары қатысты.
Негізгі назар санитарлық тазалауды және абаттандыруды қажет ететін аумақтарға аударылды.
Қаланың тазалығы тек коммуналдық қызметтердің жұмысына байланысты емес. Әр тұрғын өз ауласына, көшесіне және жалпы қаласына ұқыпты қарауы маңызды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1296484?lang=ru