Облыс әкімдігі жанындағы "Заң және тәртіп" Конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті
23.09.2026 09:46:25 248
Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен Облыс әкімдігінің жанындағы «Заң және Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мас күйінде жасалатын қылмыстардың профилактикасы туралы мәселелер қаралды.
Сегіз айдың қорытындысы бойынша облыста тіркелген ЖКО саны 3,4% төмендеді – 854-тен 825-ке дейін. Жараланғандар саны 6,4% азайды – 1 184-тен 1 108-ге дейін, қаза тапқандар саны 4% азайды – 50-ден 48-ге дейін.
Сондай-ақ, 2ГИС-те ескертулерді орналастыру оң нәтиже көрсетті: белгіленген 12 авариялық-қауіпті учаскелерде жеті ай ішінде ЖКО саны 37% төмендеді – 27-ден 17-ге дейін.
Қалалар мен аудандардың әкімдеріне полициямен бірлесіп жекелеген аумақтарда аварияға әкелетін себептердің өсуін талдау, неғұрлым қауіпті учаскелерді анықтау, жаяу жүргіншілер өткелдерінің орналасу қауіпсіздігін бағалау, автобустар мен шұғыл қызметтердің автомобильдерін жылдамдықты бақылау жүйелерімен жарақтандыруды қарау және жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдау тапсырылды.
Екінші мәселе бойынша сегіз айдың ішінде мас күйінде жасалған қылмыстардың саны 18,3% төмендегені атап өтілді.
Сонымен қатар, уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына қайта орналастырылған азаматтарды медициналық сүйемелдеуді күшейту, сондай-ақ аудандарда психиатр-дәрігерлер мен наркологтардың болуы жөнінде шараларды қабылдау тапсырылды.
Заңда көзделген шараларды қабылдай отырып, алкоголь өнімін сату ережелерін қайталап бұзатын сауда объектілеріне ерекше назар аудару тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1296720?lang=ru