🏙️ Шымкент: қалаға жаңа қуаттар қажет
23.09.2026 17:13:09 237
📌Неліктен бұл маңызды
Шымкент қаласы қарқынды өсіп келеді. Халық саны артқан сайын әлеуметтік және қалалық инфрақұрылымға түсетін жүктеме де көбейіп отыр.
📊 Көрсеткіштер
🟦 Шымкентте жыл сайын 30 мыңнан астам сәби дүниеге келеді.
🟦 Қазіргі таңда босандыру қызметін 4 медициналық ұйым көрсетеді.
🟦Жаңа перинаталдық орталық 200 төсек-орынға есептелген.
🟦Орталық жылына 7 мыңға дейін ананың босануына жағдай жасай алады.
🟦 Шамамен 800-1000 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
🏥 Жаңа перинаталдық орталық Ақжайық шағын ауданында бой көтеруде.
Оның іске қосылуы төсек-орын қорын арттыруға, қолданыстағы медициналық ұйымдарға түсетін жүктемені азайтуға және ана мен балаға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.
🔎 Жалпы көрініс
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту Шымкенттің ауқымы мен өсу қарқынына сай болуы тиіс.
📱 @KZgovernment