Жаңа мектеп – жайлы білім ордасы
23.09.2026 19:50:02 258
Мәслихат депутаттары А.Агаев, Б.Гадельшиевв, Е.Мергалиев, А.Елеусинова, Б.Дюсенов және аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Тржанова жаңа оқу жылында есігін ашқан №9 жайлы мектепке, мұндағы білім беру ортасымен танысты. Мектеп 1 қыркүйектен бастап оқушыларды қабылдап, бүгінде 760 бала білім алуда. Сапар кезінде заманауи оқу кабинеттері, спорттық нысандар, асхана, кітапхана және оқушыларға арналған басқа да мүмкіндіктер назарға алынды. Мектептің материалдық-техникалық базасы қазіргі талаптарға сай жабдықталған. Деуптаттар мектеп ұжымымен кездесіп оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы жөнінде пікір алмасты. Оқушыларға сапала білім алып, өз қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасалғаны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1297056?lang=ru