Қазақстан мен Польша ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды
23.09.2026 22:18:20 372
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Польша Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Войцех Зайончковский мен Климат және қоршаған орта министрінің орынбасары Кшиштоф Галоспен жетекшілігіндегі поляк делегациясымен кездесті.
Тараптар екіжақты саяси, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Өзара тиімді әріптестікті одан әрі тереңдету үшін елеулі әлеуетке ие перспективалы бағыттардағы іс-қимылды кеңейтуге және нығайтуға, атап айтқанда геология және минералдық-шикізат ресурстары саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Астана мен Варшава арасындағы өзара тиімді диалогты одан әрі тереңдету жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297146?lang=ru