KazAID пен «BI Group» корпоративтік қоры тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты талқылады

KazAID пен «BI Group» корпоративтік қоры тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты талқылады

24.09.2026 00:20:52 217

2026 жылғы 21 қыркүйекте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов «BI Group»-тың «BI Juldyzai» Корпоративтік қорының Директордың орынбасары Құралай Карменовамен кездесу өткізді.

Кездесу шеңберінде Агенттіктің қызметі және серіктес елдерде іске асырылып жатқан жобалар туралы хабардар етті. Өз кезегінде, Қор өкілдері ұйымның инклюзивті қоғамды дамытуға, еліміздегі балаларды қолдауға бағытталған жұмысының негізгі бағыттарымен және қызмет географиясын кеңейту жоспарларымен таныстырды.

Тараптар өңірдегі ынтымақтастық мүмкіндіктерін және орнықты даму мақсаттарына жеткізу үшін бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1297221?lang=ru