Елші Сәулекүл Сайлауқызы Марокконың белгілі дизайнері Иман Бельмкаддеммен кездеcті
24.09.2026 05:48:03 404
2026 жылғы 21 қыркүйекте Елші Сәулекүл Сайлауқызы Марокконың белгілі дизайнері Иман Бельмкаддеммен кездесіп, оның «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының атсалысуымен 2026 жылғы 23-26 қазан аралығында Астанада өтетін халықаралық World Designers Fasion Weel Astana 2026 (WDFW Astana 2026) ісшарасына қатысу мәселесін талқылады.
И.Бельмкаддем 2019 жылдан бастап Стокгольм халықаралық сән жәрмеңкесінің (STOIFF) ұйымдастырушысы және Швеция мен Солтүстік Африканың Еуропалық сән кеңесіндегі өкілі болып келеді. Соңғы жылдары ол Марокко мен Швеция арасындағы мәдени жобалар және Мароккода халықаралық сән іс-шарасын өткізуге ат салысып келеді. Оның мақсаты - африкалық таланттарды алға шығару және Еуропа, Азияда жаңа көкжиектер мен тәжірибе алмасуларға есік ашу.
И.Бельмкаддем WDFW Astana 2026 көрсетілімінде марокколық дәстүрлі ұлттық киім – әйгілі кафтандарды паш етуді көздеп отыр. Қазақстанның белгілі дизайнерлерімен орнатылған байланыстарды пайдаланып, болашақта бірлескен жобаларды іске асыру оның жоспарында тұр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1297416?lang=ru