Мүлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына 9 күн қалды!

Мүлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына 9 күн қалды!

24.09.2026 11:46:36 232

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын жеке тұлғаларға 2025 жылғы мүлік салығын 2026 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажеттігін еске салады.

    Салық сомалары салық төлеушілерге қолжетімді: хабарламаларды қалыптастыру үшін мәліметтер екінші деңгейдегі банктерге жіберілді, соның негізінде олардың пайдаланушыларына, оның ішінде Kaspi және Halyk мобильді қосымшаларында, әрбір объект бойынша сомалардың толық жіктелуі көрсетілген PUSH-хабарламалар келді.

    Салықты ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады:

    - екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;

    - банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен;

    - банкоматтар мен төлем терминалдарында банк картасы арқылы.

     Назарларыңызға салынады: 2026 жылдың 2 қазанынан бастап берешегі жойылмаған меншік иелеріне тиісті хабарламалар жіберіледі. Егер төлем 30 жұмыс күні ішінде түспесе, салық бұйрығы қалыптастырылады; ол 5 жұмыс күні ішінде орындалмаса, іс жеке сот орындаушыларына беріледі.

   Департамент осы рәсімнен аулақ болу үшін салықты уақытылы төлеуді ұсынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1297625?lang=ru