ШҚО әкімдігі мен Dengbo Success Minerals Ltd. әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға қол қойды

ШҚО әкімдігі мен Dengbo Success Minerals Ltd. әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға қол қойды

24.09.2026 14:20:07 363

22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Dengbo Success Minerals Ltd. компаниясы арасында әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат компания қызметі жүзеге асырылатын аумақтардың тұрғындары үшін инвестициялық жобаларды іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде компания Верхнеберезовский кентін абаттандыру жұмыстарына қатысуды жоспарлап отыр.

Тұрғындарды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылды. 2027–2035 жылдары компания Верхнеберезовский кентінде әлеуметтік жобаларды іске асыруға 1,5 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, жыл ішінде мүгедектігі бар адамдарды, оның ішінде балаларды тасымалдауға арналған мамандандырылған «Инватакси» автокөлігін сатып алу жоспарлануда.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі инвестициялық жобалар іске асырылатын аумақтарды дамытуға инвесторлардың жауапты қатысуының маңыздылығын атап өтіп, қытайлық әріптестермен одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Меморандумға қол қою халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аумақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын айқындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1297716?lang=ru