Қазақстанның Елшісі «Jababeka & Co.» компаниясының негізін қалаушысы және төрағасымен кездесті

Қазақстанның Елшісі «Jababeka & Co.» компаниясының негізін қалаушысы және төрағасымен кездесті

24.09.2026 16:18:50 414

Джакарта, 2026 жылғы 23 қыркүйек - Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов «Jababeka & Co.» компаниясының негізін қалаушысы және төрағасы доктор Сетьоно Джуанди Дармономен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.

Елші С.Әбдікәрімов Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуалы, елдің сауда-экономикалық әлеуеті және шетелдік инвесторларға үкіметтің қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Дипломат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Индонезия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің маңыздылығына тоқталып, оның іске асырылуы өзара сауданың одан әрі кеңеюіне және өнеркәсіптік кооперацияның тереңдеуіне қосымша серпін беретінін атап өтті.

Өз кезегінде «Jababeka & Co.» компаниясының басшысы С.Д.Дармоно қазақстандық серіктестермен іскерлік ынтымақтастықты дамытуға зор қызығушылық білдірді. Аумақтарды кешенді дамыту және индустриялық аймақтар құру саласында маманданған индонезиялық холдингтің басшысы өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын зерделеуге және Қазақстанға бизнес-делегация жіберу арқылы практикалық тәжірибе алмасуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің іскер топтары арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайту мақсатында қол жеткізілген жоспарларды жүзеге асыру бойынша тиісті шаралар қабылдауға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1297787?lang=ru