Білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары талқыланды

Білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары талқыланды

24.09.2026 19:01:58 274
   2026 жылғы 23 қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Артур Еділханов Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының өкілдерімен семинар өткізді.

   Семинар барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ білім беру ұйымдары қызметіне қойылатын өзекті біліктілік талаптары талқыланды.

  Талқылауға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және кафедра меңгерушілері қатысты. Семинар барысында магистрлік және докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілерді тағайындау, оқытушылардың базалық білімінің және ғылыми дәрежесінің оқытылатын пәндердің бейініне сәйкестігі, біліктілікті арттыру және басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.

     Сонымен қатар мемлекеттік бақылауды жоспарлау және жүргізу, білім сапасын сыртқы бағалау, бақылау жүйесін автоматтандыру және «Таза парақтан реттеу» саясаты аясында енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

        Семинар барысында қатысушылар білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын қолдануға қатысты сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді.

      Іс-шара білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік бақылау барысында туындайтын мәселелердің алдын алуға және білім беру сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/press/news/details/1297891?lang=ru