Самар ауданында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Самар ауданында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

24.09.2026 20:48:53 258

Самар ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша кезекті ведомствоаралық кеңес өтті. Жиынға Самар ауданының прокуроры Әділет Қуандықов пен аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Амангелдинов төрағалық етті.

Кеңеске ауылдық округ әкімдері, прокуратура және полиция өкілдері, білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары, сондай-ақ бейінді ведомстволар мен бөлімдердің өкілдері қатысты.

Самар ауданы прокуратурасының мәліметінше, биыл құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жағалау аумағында, оның ішінде демалыс базаларында тіркелген. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдарының бұл бағыттағы жұмысын күшейту ұсынылды.

Сондай-ақ жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, профилактикалық есепте тұрған отбасылармен жұмыс жүргізу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Атап айтқанда, ашық қалған люктерді жабу және қараусыз қалған қауіпті ғимараттарға қатысты тиісті шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.

Бұдан бөлек, халықпен және жастармен түсіндіру-профилактикалық жұмыстарды күшейтуге, сондай-ақ табиғатты қорғау полициясының жер қойнауын пайдалану және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы жұмысын жандандыруға ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1297953?lang=ru