Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Кенияның сыртқы саяси ведомствосының өкілдерімен кездесу өткізді
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Кенияның сыртқы саяси ведомствосының өкілдерімен кездесу өткізді

26.09.2026 13:48:30 405

Найроби, 2026 жылғы 24 қыркүйек. 2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Кенияның Сыртқы істер және диаспора министрлігінің Еуропа және Достастық мәселелері жөніндегі дирекциясы Бас директорының орынбасары, Елші Табу Ирина MBS, сондай-ақ Экономикалық және коммерциялық дипломатия мәселелері жөніндегі директорының орынбасары Элизабет Мигудамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кения арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ Кения Президенті Уильям Рутоның 2026 жылғы 19-20 мамырдағы Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі практикалық қадамдарды талқылады.

Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, оның ішінде шай және кофе саудасы, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика, авиация, қаржы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ғарыш салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Тараптар сондай-ақ іскерлік байланыстарды нығайту және басым бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Кения арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту және ынтымақтастықты практикалық тұрғыдан дамыту мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1299169?lang=ru