Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті
28.09.2026 13:18:05 291
24 қыркүйек күні аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссия отырысы депутат М.Дияровтың төрағалығымен өтті. Комиссия отырысына мәслихат төрағасы К.Ермекбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
Отырыста аудан, Ақсай қаласы және ауылдық округтер бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндады. Мәслихат депутаттары К. Ермекбаев, Б. Гадельшиев және С. Дүйсенов бюджетке қатысты бірқатар сұрақтар қойып, жауаптар алды.
Сонымен қатар, комиссия отырысында Ақсай қаласының бас жоспары қаралып, жан-жақты талқыланды. Мәслихат депутаттары ұсынылған бас жоспармен танысып, бас жоспардың мерзімі, қамтылатын халық саны, санитарлық қорғау, промзона аймақтары, полигон бойынша сұрақтар көтерді.
Күн тәртібіндегі қаралған барлық мәселелер кезекті сессияның күн тәртібіне енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1299574?lang=ru