ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «АТАМЕКЕН» ПАЛАТАСЫНДА ЕСЕП БЕРУДІҢ БІРЫҢҒАЙ КҮНІ ӨТТІ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «АТАМЕКЕН» ПАЛАТАСЫНДА ЕСЕП БЕРУДІҢ БІРЫҢҒАЙ КҮНІ ӨТТІ

28.09.2026 13:18:24 246

24 қыркүйек 2026 жылы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Есеп берудің бірыңғай күні өтті. Іс-шара бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау нәтижелерін талқылауға, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен тиімді кері байланыс орнатуға бағытталған.

Кездесуде Жетісу облысы бойынша МКД басшысының орынбасары А. Калиев баяндама жасады.

Өз сөзінде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары А. Калиев ведомствоның бақылау-қадағалау жұмыстарының нәтижелеріне, салық заңнамасындағы өзгерістерге және салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың өзекті аспектілеріне ерекше назар аударды. Мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға баса мән берілді, бұл ретте консультациялық қолдау көрсету мен қызметтерді цифрландыру басымдыққа ие болды.

«Атамекен» алаңындағы мұндай кездесулер Жетісу облысындағы іскерлік ахуалды жақсартуда, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруда және компромистік шешімдерді жедел табуға көмектесуде маңызды рөл атқарады.




Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1299462?lang=ru