«Бірыңғай есеп күні» өткізілді

«Бірыңғай есеп күні» өткізілді

28.09.2026 14:38:48 371

24 қыркүйекте Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасында  «Бірыңғай есеп күні» өткізілді.  Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкенов, облыстық бақылау және қадағалау органдарының, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары және аудан, қала әкімдіктерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.Мемлекеттік органдардың өкілдері мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қорытындылары, заң бұзушылықтардың алдын алу туралы айттып берді.

«Бірыңғай есеп күні» мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін реформалауды жүзеге асыру шеңберінде бұзушылықтардың жүйелі профилактикасын дамытуға, міндетті заң талаптарын сақтауға, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, бұл кездесу бизнес қауымдастығымен кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Шара барысында бейнеконференц байланыс арқылы қатысқан облыс кәсіпкерлердің сұрақтарына сауатты жауаптар берілді.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1299616?lang=ru