2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша не өзгерді?
28.09.2026 16:17:15 176
2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша не өзгерді?
2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша тіркеудің жаңа тәртібі қолданылады.
Кім тіркелуге міндетті?
Күнтізбелік жыл ішіндегі айналымы 10 000 АЕК-тен асқан, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын салық төлеушілер.
Өтінім шекті мөлшерден асқан күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде беріледі.
Егер жасалуы жоспарланған мәміле шекті мөлшерден асыруға әкелсе, өтінім мәміле жасалғанға дейін беріледі.
Ерікті түрде тіркелуге бола ма?
Иә. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын салық төлеуші шекті мөлшерге жеткенге дейін ҚҚС бойынша тіркеуге тұра алады.
Кейін ерікті түрде тіркеу есебінен шығуға бола ма?
Айналымның азаюына байланысты ғана — жоқ. Тіркеу есебінен шығу, атап айтқанда, арнаулы салық режиміне көшкен немесе қызметін тоқтатқан жағдайда мүмкін.
Талап бұзылған жағдайда не болады?
Салық органы хабарлама жібереді. Оны орындау мерзімі — 30 жұмыс күні.
Салық төлеуші хабарламамен келіспеген жағдайда, түсініктеме мен растайтын құжаттарды ұсына алады.
Егер түсініктеме салық төлеушінің ұстанымын растамаса, салық органы хабарламаны орындалмаған деп танып, тақырыптық салықтық тексеру жүргізуі мүмкін.
Бастысы: 2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша тіркеу шегі ғана емес, тіркеу есебіне қоюды бақылау тәртібі де өзгерді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1299692?lang=ru