Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
28.09.2026 16:17:17 185
Астана қаласының мәслихатында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің қатысуымен елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жетілдіруге және жергілікті басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған өзекті мәселелер бойынша кезекті сессия өтті.
Сонымен қатар, депутаттар салық салу мақсатында, жерлерді аймақтарға бөлу, жер салығының базалық мөлшерлемелерін көтеру немесе төмендету мөлшерін белгілеу және басқа да мәселелерді қарастырды.
Кезекті сессия барысында қаралған сұрақтар қала саясатын одан әрі жетілдіруге, басқару тетіктерінің тиімділігін арттыруға және қала тұрғындары үшін қолайлы, қауіпсіз және қолжетімді қалалық ортаны дамытуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1299688?lang=ru