2026 жылғы қазан айына арналған негізгі салық есептіліктері мен міндетті төлемдер
28.09.2026 18:32:16 809
2026 жылғы қазан айында салық төлеушілер салық есептілігін ұсыну және салықтарды төлеу бойынша бірқатар міндеттемелерді орындауы қажет. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемелерін уақтылы орындау қажеттігін еске салады.
2025 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 қазанда аяқталатынына назар аудару қажет.
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ:
15 қазан:
- 400.00 нысаны – 2026 жылғы тамыз айы үшін акциз бойынша декларация.
20 қазан:
- 328.00 нысаны – 2026 жылғы қыркүйек айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
- 851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомаларының есебі;
- 870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация.
ТӨЛЕМДЕР:
1 қазан:
- 2025 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығы.
5 қазан:
- 2026 жылғы қыркүйек айы үшін жекеше практикамен айналысатын тұлғалардың табыстары бойынша ЖТС.
15 қазан:
- 2026 жылғы III тоқсан үшін түбірімен босатылатын сүрек бойынша орман пайдаланғаны үшін төлемақы;
- 2026 жылғы қыркүйек айы үшін интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС.
20 қазан:
- 2026 жылғы қыркүйек айы үшін ЕАЭО-дағы ҚҚС;
- 2026 жылғы қыркүйек айы үшін ЕАЭО елдерінен импортты қоса алғанда, акциз;
- қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;
- 2026 жылғы III тоқсан үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы;
- 2026 жылғы III тоқсан үшін өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
27 қазан:
- КТС – 2026 жылғы қазан айы үшін аванстық төлемдер;
- 2026 жылғы қыркүйек айында төленген резиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС;
- төлем көзінен ұсталған ЖТС;
- бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС;
- бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарынан ЖТС;
- 2026 жылғы қыркүйек айында бейрезиденттердің жекелеген санаттарына төленген табыстардан ЖТС;
- 2026 жылғы қыркүйек айы үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС;
- 2026 жылғы қыркүйек айы үшін әлеуметтік салық;
- жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
- радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
- 2026 жылғы қазан айы үшін сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
- 2026 жылғы қыркүйек айы үшін бірыңғай төлем;
- 2026 жылғы қыркүйек айы үшін әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ӘА, МӘМС аударымдары, МӘМС жарналары).
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті техникалық кідірістер мен өсімпұл есептелуіне жол бермеу үшін салық төлеушілерге есептілікті ұсынуды және төлемдерді төлеуді соңғы күндерге қалдырмауды ұсынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1299763?lang=ru