25 қыркүйек күні Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдерімен кездесу өтті.
29.09.2026 01:35:57 190Іс-шара Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «ХХІ ғасыр дарындары» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан «Жастар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
🎖️ Кездесуде Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасы ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы, майор Магауин Бижан Жумабаевич, Ауған соғысының ардагері Шармаганбетов Оразгали Баянгалиевич және жоба үйлестірушісі, жастармен жұмыс жөніндегі маман Таганов Еркебулат Серикович сөз сөйледі.
Кездесу барысында студенттерге әскери қызметтің ерекшеліктері, Отан алдындағы азаматтық борыштың маңызы және ел қорғанысын қамтамасыз етудегі әскери қызметшілердің рөлі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар жастардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, әскери қызметке қызығушылығын арттыру және Отан қорғауға деген саналы көзқарасын дамыту мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1300012?lang=ru