25 қыркүйек күні студент жастар арасында үстел теннисінен командалық турнир өтті.
29.09.2026 02:19:52 156
Іс-шара Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «ХХІ ғасыр дарындары» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан «Жастар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Турнирге Ақтөбе қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінен құралған командалар қатысты. Әр команда құрамында екі ұл және бір қыз өнер көрсетіп, командалық біріншілікте өзара бақ сынады.
🏆 Жарыс барысында қатысушылар спорттық шеберлігін, ептілігі мен жылдам әрекет ету қабілетін көрсетіп, жүлделі орындар үшін бәсекеге түсті. Турнир жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға, командалық рух пен әділ бәсекелестік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталды.
🥇 Турнир қорытындысында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталса, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталып, жүлдегер командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1300043?lang=ru