АЭА аумағында кедендік операцияларды жүргізу ерекшеліктері.

АЭА аумағында кедендік операцияларды жүргізу ерекшеліктері.

29.09.2026 03:17:43 281

АЭА аумағы осы ережелер ескеріле отырып, кедендік бақылау аймағы болып табылады:
АЭА аумағы кедендік бақылауды жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс.

АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, уәкілетті орган белгілейді.
АЭА аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған жекелеген АЭА аумақтарында кедендік бақылау аймағы кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған АЭА аумағының бір бөлігі (бөліктері) болып табылады.
АЭА аумағына қойылған тауарларға қатысты кедендік операциялар осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, ҚР Кеден Кодексіне сәйкес жасалады.
Порттық АЭА-ны және логистикалық АЭА-ны қоспағанда, АЭА аумағына тауарларды әкелу кеден органын осындай әкелу туралы хабардар ете отырып жүзеге асырылады, ал АЭА аумағынан тауарларды әкету кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына тауарларды әкелу кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы көрсетілген хабарламаны беру және АЭА аумағынан тауарларды әкетуге және порттық АЭА-ға немесе логистикалық АЭА-ға әкелуге көрсетілген рұқсаттарды беру тәртібін, сондай-ақ мұндай хабарламалар мен рұқсаттардың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағының шегінен тыс жерде кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарлар осындай АЭА аумағынан жөнелтілген кезде порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) кеден органына түсіру орны (порт, әуежай) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі орын болып табылатынын растайтын көлік (тасымалдау) құжаттарын ұсынады.
Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелу кезінде ҚР Кеден Кодексінің 284-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларациялауға жатпайтын тауарларға қатысты ҚР Кеден Кодексінің 154-бабының 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуімен байланысты кедендік операциялар ғана жасалады.
Кеден органдары АЭА аумағына әкелінетін тауарларды сәйкестендіруді жүзеге асыруға құқылы. Кеден органының АЭА аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Декларант еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізеді және кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру жүргізілген кеден органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсынады.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларда болған кез келген өзгеріс есепке алу құжаттарында көрсетуге жатады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1300077?lang=ru