Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді
29.09.2026 04:31:45 243
25 қыркүйекте Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өткізілген «Ашық есік күні» акциясы аясында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында салық төлеушілердің салық заңнамасын қолдануға, соның ішінде жеке тұлғалардың табыс салығына, әлеуметтік салыққа және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.
Сондай-ақ, шара кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша сауалнама жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1300123?lang=ru