Аудандық мәслихаттың кезекті сессия отырысы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессия отырысы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті.

29.09.2026 06:31:54 225

Аудандық мәслихаттың кезекті сессия отырысы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті. 

Сессияның күн тәртібінде: Білім беру ұйымдарында оқу процесінің ұйымдастырылуы, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтандыру туралы, Бөрлі ауданы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бақылау және қадағалау шараларының жүзеге асырылуы туралы мәселелер қаралды. 

Сонымен қатар, аудандық, Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізіліп, депутаттар  Ақсай қаласының бас жоспарын бекітті. 

Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамына, аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясын сайлау туралы” шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, аудандық мәслихат аппараты Ережесінің жаңа редакциясы   қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1300198?lang=ru