Е-Salyq Azamat және банк қосымшаларында мүлік салығын қалай төлеуге болады?
29.09.2026 10:02:03 372
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 қазанда аяқталатынын еске салады.
Салықтарды e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн төлеуге болады.
e-Salyq Azamat қосымшасы арқылы мүлік салығын төлеу бойынша қадамдық нұсқаулық:
-Авторизациядан өту;
-«Салық әмияны» бөліміне кіру;
-«Салықтарды төлеу» бөлімі;
-Сіздің МКБ кодыңызды енгізу;
-Салық түрі: КБК 104102;
-Төлем түрі: 911;
-ЖСН енгізу;
-Төленетін соманы енгізу;
-Төлемді жүзеге асыру.
Kaspi Bank қосымшасы арқылы мүлік салығын төлеу бойынша қадамдық нұсқаулық:
-«Төлемдер»;
-«Барлығы»;
-«Айыппұлдар мен салықтар»;
-«Салықтар»;
-«Мүлік салығы»;
-ЖСН енгізу;
-Есептелген соманы тексеру;
-Төленетін соманы енгізу;
-Төлемді жүзеге асыру.
Halyk Bank қосымшасы арқылы мүлік салығын төлеу бойынша қадамдық нұсқаулық:
-«Төлемдер»;
-«Барлық төлемдер»;
-«Мемлекеттік төлемдер»;
-«Салықтар»;
-«Алдағы салықтарды төлеу»;
-ЖСН енгізу;
-Есептелген соманы тексеру;
-Төлемді жүзеге асыру.
Салықтарды уақытылы төлеу өсімпұлдың есептелуіне жол бермейді. Төлемді соңғы күнге қалдырмаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1300312?lang=ru