Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері.

Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері.

29.09.2026 11:33:18 240

Банкроттықты басқарушы тағайындалған сәттен бастап борышкердің мүлкін өз қарауына қабылдайды. Тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ол уақытша басқарушыдан құрылтай және есепке алу құжаттарын, мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлер мен банкроттың өзге де құндылықтарын қабылдап алуға және олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Борышкердің мүлкін анықтау және толықтыру мақсатында банкроттықты басқарушы мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот пен оның мүлкі туралы ақпаратты, ал уәкілетті органнан борышкердің банктік шоттары туралы мәліметтерді сұратады. Ол дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талап қояды, заң бұзыла отырып жасалған мәмілелерді анықтап, оларды сот тәртібімен даулайды, сондай-ақ банкроттық іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде жасалған және мүлікті шығаруға алып келген борышкердің қайта ұйымдастырылуын (қосу, бөлу, бөліп шығару) не заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелуін жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінеді. Сонымен қатар басқарушы субсидиарлық жауаптылыққа тартылуға тиіс тұлғаларды анықтап, оларға қатысты сотқа талап қояды. Әдейі банкроттық белгілері анықталған жағдайда ол бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға міндетті.
Банкрот мүлкін өткізу сату жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, ал кредиторлармен есеп айырысу белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Рәсім барысында банкроттықты басқарушы кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізеді, кредиторларды борышкердің қаржылық жағдайы туралы хабардар етеді және уәкілетті органға банкроттық рәсімінің барысы туралы есептілікті ұсынады. Рәсім аяқталғаннан кейін ол сотқа қорытынды есеп пен тарату балансын ұсынады, банктік шоттарды жауып, мөрді жояды.
Банкроттықты басқарушының құқықтары мен міндеттері «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен айқындалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1300370?lang=ru