Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Братислава қаласында өткен халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Братислава қаласында өткен халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды

29.09.2026 16:01:23 176

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Братислава қаласында өткен ISU Challenger сериясының "Nepela Memorial" халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды.

Екі бағдарлама қорытындысы бойынша олимпиада чемпионы 272,75 ұпай жинады. Шайдоров қысқа бағдарламада 95,98, ал еркін бағдарламада 176,77 ұпай еншіледі.

Словакиядағы турнир Михаил Шайдоров үшін 2026/27 маусымындағы алғашқы халықаралық жарыс болды.

Отандасымызды осы жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1300511?lang=ru