Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

29.09.2026 16:01:36 386

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесіп, теннисшіні АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен «әлемнің бірінші ракеткасы» мәртебесіне ие болуымен құттықтады.

Елена Рыбакина Мемлекет басшысына өзін ұдайы қолдағаны, сондай-ақ Қазақстанда үлкен теннистің дамуына айрықша қамқорлық көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын мәлімдеді. Теннисші алдағы уақытта да жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлерін жаңа жеңістермен қуанта беруге ниетті.  

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорттағы ерен жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлкен үлесі үшін Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1300508?lang=ru