Кеден заңнамасына кедендік рәсімдеу бойынша енгізілген өзгерістер туралы
30.09.2026 04:33:15 198
«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы №763 қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес автокөлік құралдарына қатысты кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алу жөніндегі міндеттемені өндірушілер (импорттаушылар) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес автокөлік құралы бастапқы тіркелгенге дейін орындайды, бұл талап Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік құралдарын өз мұқтажы үшін әкелетін, жеке тұлға болып табылатын импорттаушыларға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік құралдарын өз мұқтажы үшін әкелетін, жеке тұлға болып табылатын импорттаушылар автокөлік құралдарына қатысты кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алу жөніндегі міндеттемені Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес автокөлік құралы еркін айналысқа шығарылғанға дейін орындайды.
Өндірушілер (импорттаушылар) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алу жөніндегі міндеттемені олар алғашқы мемлекеттік тіркелгенге дейін, бірақ Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес шығарылған немесе әкелінген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей орындайды.
Өндірушілер (импорттаушылар) автокөлік құралдарын олар бастапқы тіркелгенге дейін өткізген жағдайда кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алу жөніндегі міндеттеме мұндай автокөлік құралдары өткізілгенге дейін орындалады.
Оператор өндірушілерге (импорттаушыларға) беретін кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1300966?lang=ru