«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеуге қосымша өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеуге қосымша өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды

30.09.2026 20:47:05 306

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ 2026 жылғы 30 қыркүйек сағат 08.30-дан 2026 жылғы 30 қазан сағат 17.30-ға дейін веб-портал https://export.gov.kz/qaztrade арқылы өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге қосымша өтінімдер қабылдау басталатыны туралы хабарлайды.

        

Веб-портал арқылы сағат 17.30-дан кейін және демалыс күндері келіп түскен өтінімдер кезектілік тәртібімен келесі жұмыс күні тіркелетін болады.

 

Анықтама телефондары:

8 (7172) 76-85-11 (ішкі 106, 302, 341, 292)

8 (7172) 76-85-88 (ішкі 327, 301, 326)

8 (7172) 76-85-91 (ішкі 101, 340)

8 (7172) 76-85-25 (ішкі 322)

 

Өтініш беру кезінде туындайтын техникалық мәселелерді шешуге арналған телефон:

8 (7172) 76-88-27 (вн. 112)

 

Шығындардың бір бөлігін өтеуді алу тәртібі туралы толық ақпарат  Қағидалармен реттелген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028994), веб-порталда (https://export.gov.kz/) және сайтта (https://qaztrade.org.kz/) орналастырылған, өңдеу өнеркәсібінің қазақстандық шығарылған тауарлары мен қызметтерінің, сондай-ақ цифрлық қызметтердің тізбелері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі №219-НҚ бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/G26TI000219).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1301514?lang=ru