Әскери қызметшілер аға буын өкілдерін Қарттар күнімен құттықтады

Әскери қызметшілер аға буын өкілдерін Қарттар күнімен құттықтады

01.10.2026 22:02:42 390

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Халықаралық қарттар күнінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ әлеуметтік мекемелерде тұратын қарт адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыруды әдетке айналдырған.

Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімінің жеке құрамы «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қарт кісілермен кездесті.

Әскери қызметшілер еңбек ардагерлері мен қарияларды мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар табыстады.

– Қарттар күнінде аға буынға деген құрметімізді білдіріп, олардың еңбегі мен еліміздің дамуына қосқан үлесіне алғысымызды білдіреміз. Үлкендердің батасын алып, ақыл-кеңесін тыңдау – біз үшін үлкен мәртебе, – деді 27943 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Самат Айдарбаев.

Әскерилермен болған жүздесу орталық тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әскери қызметшілер аға буынға, олардың өмірлік тәжірибесі мен біліміне құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығын және қоғамның адамгершілік құндылықтарын сақтаудың маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Өз кезегінде қарттар елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген әскери қызметшілерге қызметтеріне табыс, зор денсаулық, отбасыларына амандық тіледі.

Абай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде де өңір ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Департамент бастығы полковник Руслан Омаров ардагерлерге алғыс хаттар табыстап, ұзақ ғұмыр тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1302407?lang=ru