«Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында семинар өткізді

«Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында семинар өткізді

02.10.2026 08:32:14 210

   2026 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасымен бірлесіп «Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында семинар өткізді.

   Іс-шараның мақсаты — Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы қолдану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін жүргізу, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін түсіндіру, сондай-ақ азаматты банкрот деп танудың құқықтық салдары туралы ақпараттандыру.

   Семинарға тыңдаушы ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

   Семинар барысында ZOOM платформасы арқылы дәрістер оқылып, лектор ретінде:

- Ерденбаев Ербол Сержанович – Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының сарапшысы  сөз сөйледі.

   Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға лекторлар толыққанды жауаптар берді.

   Семинар қорытындысы бойынша 133 қатысушыға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1302775?lang=ru