Берік Солтанбаев Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды

Берік Солтанбаев Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды

02.10.2026 10:32:06 252

29 қыркүйектен бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметіне бұған дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған Берік Солтанбаев тағайындалды.

Берік Солтанбаев 1990 жылы 28 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. «Парасат» Қазақстан көпсалалы институтын, Халықаралық білім беру корпорациясын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін және Нархоз университетін тәмамдаған. Құрылыс, техника және технологиялар, құқық және іскерлік әкімшілендіру салалары бойынша білімі бар.

Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Әр жылдары жеке секторда, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалында, «Қоғамдық келісім» КММ-де, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратында қызмет атқарған.

2017-2018 жылдары Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімін басқарды. 2018 жылы қазаннан 2022 жылы маусымға дейін Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылы маусымнан 2024 жылы маусымға дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасын басқарды. Ал биыл 6 мамырдан бастап Әуезов ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1302842?lang=ru