Бостандық ауданындағы Хан Тәңірі шағынауданында саябақ жаңартылды
03.10.2026 15:46:43 151
Бостандық ауданының Хан Тәңірі шағынауданында Дулати көшесінің бойында орналасқан саябақты жаңарту жұмыстары аяқталды.
Абаттандыру жұмыстары бюджет қаражатын тартпай жүзеге асырылды. Жоба қалалық инфрақұрылымды дамыту және аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырылды.
Жаңарту жұмыстары барысында саябақ аумағына кіреберіс аркалар мен ағаш перголалар орнатылып, жарықтандыру жүйесі жаңартылды. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері ретке келтіріліп, воркаут алаңы мен көгалды суару жүйесі орнатылды.
Сонымен қатар аумақта сәндік жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, брусчатка төсемі қалпына келтірілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде саябақ аумағы шағынаудан тұрғындарының серуендеуіне, демалуына және спортпен айналысуына қолайлы әрі қауіпсіз кеңістікке айналды.
Бостандық ауданының әкімдігі қоғамдық кеңістіктерді дамыту және абаттандыру жұмыстарын, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат тарту және әлеуметтік жауапты бизнестің қолдауымен жалғастыруда.
Анықтама: «Халық» қайырымдылық қоры құрылғаннан бері 214 жобаны жүзеге асырып, қайырымдылыққа 90,4 млрд теңге бағыттады. Қордың қолдауы білім беру, мәдениет, спорт, экология және әлеуметтік қолдау сияқты негізгі бағыттарды қамтиды. 2025 жылы көрсетілген қайырымдылық көмектің жалпы көлемі 9,1 млрд теңгені құрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1303865?lang=ru