Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу

Алкоголь өнімдерін таңбалауды және қадағалауды енгізу

03.10.2026 23:20:10 187

   Мемлекеттік кірістер комитеті алкоголь өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды және қадағалауды енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

   Кеңеске QazSpirits және «ҚазАлкоТабак» салалық қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылар қатысты.

   Қатысушыларға таңбалауды енгізудің негізгі тәсілдері мен кезеңдері, сондай-ақ жоспарланып отырған техникалық шешімдер таныстырылды. Нарық қатысушылары мен ақпараттық жүйелердің дайындығы, өнімнің айналымының барлық кезеңдерінде қадағалануын қамтамасыз ету, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру, импорттау және айналымы кезінде жаңа талаптарды іс жүзінде қолдану мәселелері талқыланды.

   Бизнес өкілдері қолданыстағы салалық процестердің ерекшеліктерін ескере отырып, ұсыныстарын білдіріп, практикалық мәселелерді атап өтті.

   Кеңес қорытындысы бойынша нарық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасай отырып, таңбалау мен қадағалауды енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды. Негізгі назар техникалық дайындықты қамтамасыз етуге, талаптарды іс жүзінде іске асыру мүмкіндігіне және оларды кезең-кезеңімен енгізуге аударылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1304135?lang=ru