Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.

Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.

05.10.2026 12:50:42 172

Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес тиісті экологиялық рұқсат пен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация негізінде жүзеге асырылатын, ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділері (қоршаған ортаға эмиссия), күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны және қалдықтарды көмгені үшін алынады.
Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары төлемақы төлеушілер болып табылады.
Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің қоршаған ортаға эмиссиясының көлемі бойынша төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Осы заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын қоршаған ортаға теріс әсер ету бойынша шаруа және фермер қ қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
ластаушы заттардың шығарындылары;
ластаушы заттардың төгінділері;
көмілген қалдықтар;
көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, күкірт карталарында ашық түрде орналастырылған күкірт түрінде есепті кезеңде (І және ІІ санаттардағы объектілер үшін – белгіленген нормативтер және лимиттер шегінде, ІІІ санаттағы объектілер үшін – декларацияланған көлем шегінде) қоршаған ортаға теріс әсер етудің (радиоактивті қалдықтар үшін – масса, белсенділік өлшем бірлігі), оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының экология заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру нәтижелері бойынша анықталған іс жүзіндегі көлемі салық салу объектісі болып табылады.
Төлемақы мөлшерлемелері салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінде айқындалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1304602?lang=ru